Құжатта аппарат қызметкерлерін 25-тен 50-ге дейін жеткізу ескерілген. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің және ҚР Премьер-Министрдің ЖСК аппаратының штат санын ұлғайту және оның басшылары мен қызметкерлерінің мәртебесін арттыру туралы тапсырмаларын іске асыру үшін түзету енгізіледі.
Қазір ЖСК аппаратының штаты ЖСК төрағасын қоса алғанда 25 адамнан тұрады. Жалпы 4 бөлім (1.Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру бөлімі; 2.Судья кадрларының жай-күйін бағалау, кадр қажеттілігін болжау және кадр резервін қалыптастыру бөлімі; 3.Сот жюриінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі; 4.Әкімшілік бөлімі) бар.
«Қазіргі уақытта Парламентте заңдылықты өрескел бұзуға жол берілген әрбір күшін жойған сот актісін Сот жюриінің тексеруінің жаңа механизмін енгізуді көздейтін заң жобасы талқыланып жатыр. Осы тұрғыда Сот жюриіне жүктеменің 400 пайызға артатыны ескерілген», - делінген құжат негіздемесінде.
ЖСК аппараты басшысын және оның орынбасарын тағайындау рәсімі өзгереді.
Атап айтқанда, Жоғары Сот Кеңесінің аппараты басшысын ЖСК төрағасының ұсынысымен Президент тағайындайтын саяси қызметші, ал оның орынбасары – Ұлттық статистика бюросындағы сияқты «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі болуы тиіс. ЖСК аппараты басшының орынбасарын Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы тағайындайды. Бұл түзету 2024 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі мүмкін.