Отырыста аталған заң жобасы бойынша сөз сөйлеген Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексі 2010-2020 жылдар кезеңіндегі Қазақстанның құқықтық саясаты тұжырымдамасының ережелеріне оның нормаларын сәйкестендіру үшін әзірленген. Онда әкімшілік құқық бұзкшылық туралы заңнама бұзылған құқықты барынша қалпына келтіруге, қоғамдағы құқықтық жанжалдарды әкімшілік-құқықтық шаралармен ескертуге бағытталған болуы тиістігі айтылған.
«Бұл ретте әкімшілік-құқықтық санкцияны қалыптастыру барысында қоғамдық қауіп пен құқық бұзушылықтық сипаты олардың дәрежесіне деңгейлес болуы ұстанымы мүлтіксіз орындалуы қажет», - дейді Баймолдина.
Комиссия отырысында қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1700-ден астам құрам бар екендігін аталынды. Оның шамамен 300 құрамы бойынша әкімшілік айыппұлдарды қысқарту жоспарланып отыр.