«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жүйе шағымдардың санын азайтуда нақты шаралар әзірлеу және қолдану, келіп түскен шағымдарға мерзімді талдау жасау және жолаушылардың талаптарын қанағаттандыру бойынша жедел шаралар қолдану үшін «Транстелеком» базасында бірыңғай Call-орталық арқылы жұмыс істейтін болады.
Енді жолаушылар 14-33 нөміріне қоңырау шалып, өзінің үндеуін тіркеп, операторға өзінің байланыс деректерін қалдыра алады.
Қазіргі таңда Call-орталық арқылы бірінші үндеулер тіркелді, оларға тиісті жауаптар берілді.