Қазақстанда жолдардағы қар құрсауынан 478 адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар 2015 жылдың 1 желтоқсаны мен 2016 жылдың 7 қаңтары аралығында автожолдарда қар құрсауында қалған 478 адамды құтқарды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Барлық мереке күндері құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен, жол қызметтерімен, ішкі істер департаменттерімен бірлесе отырып, еліміздің аумағындағы жолдарда жұмыс істеді. 1 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында еліміз бойынша құтқарылған адамдар саны 478-ге жетті, сондай-ақ қар құрсауынан 988 техника шығарылып, 3019 адам қауіпсіз жерге көшірілді», - деді ресми өкіл.

Р. Иманқұловтың айтуынша, қыс кезінде адамдарды құтқару шараларына 600-ден астам құтқарушы мен 350 техника жұмылдырылды.