Қазақстанда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанғандар саны өскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі туралы хабарлайды.

 Ағымдағы жылы республика бойынша тұмауға қарсы барлығы 2 млн-нан астам қауіпті топ адамдар (созылмалы өкпе, жүрек-тамыр сырқаттануымен, иммундық жетіспеушілігімен балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері және жүкті әйелдер) егілді.

Қазір тұмауға қарсы егілу аяқталғанына байланысты мынадай арнайы емес профилактика шараларын сақтау қажет:

- өз-өзіңізді емдеумен айналыспай, респираторлық аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дәрігерге жүгіну;

- ауырған адамдармен қарым-қатынасты шектеу;

- үйде науқас адам болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетперде пайдалануы қажет. Үй-жайды жиі желдету және барлық беттерді сүрте отырып, ылғалды жинау жүргізу;

- иммунитетті жақсарту препараттарын (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер пайдалану;

- қолды сабынмен жиі және тұрақты жуу, ең жақсысы - сырқаттанған кезде немесе науқасты күткен уақытта антисептикпен жуу керек;

- витаминдер мен ақуызға бай, иммунитетті арттыратын тағамдарды (пияз, сарымсақ, шөптен, итмұрыннан жасалған сусындарды және қарақат, ашытқан қырыққабат, цитрус сияқты құрамында С витамині көп өнімдерді) қолдану;

- сауықтыру жаттығулар: жүгіру, ұзақ қашықтыққа жүру, күнделікті шынығу, тыныс алу жаттығулары (әсіресе таза ауада, орманда, саябақта), жүзу, моншаға бару керек.

Уақытылы ден қою және эпидемияға қарсы, алдын алу шараларды қабылдау мақсатында Комитеттің аумақтық органдарымен 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығына және тұмау вирусының айналымына, оның ішінде оқушылар арасындағы сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүзеге асырылады.

Эпидемиялық маусымнан бастап (2016 жылғы 1 қазаннан бастап) 6 қаңтарға 250 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның 822 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді.

ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың негізгі үлесін (66 %) балалар құрайды, 1 жасқа дейінгі балаларға ЖРВИ-дың 10%-ы, жүкті әйелдерге 4%-ы келеді. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар 15%-ды құрады. Тұмаудың негізгі асқынуы пневмония болып табылады, ол көбіне қауіпті топқа жататындар арасынан байқалады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бастап пневмонияның 5 мыңнан астам жағдай тіркелді, оның 75% 14 жасқа дейінгі балалар арасынан тіркелді. Соңғы аптада сырқаттанушылықтың бақылаудағы деңгейі Алматы, Қостанай облыстарда жоғары. Осыған байланысты бұл өңірлерде бірінші кезекте тәрбиелеу, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы облыстардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулылары шығарылды. Оқушылар арасында топтық сырқаттанушылық тіркелген жоқ, каникул басталғанға дейін білім беру ұйымдарында оқу процесі тоқтатылған жоқ. Ұйымдастырылған ұжымда ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануын алдын алудың ең тиімді әдісі ретінде класта (топта) немесе толық білім беру ұйымда оқу процесін уақытша тоқтату практикасы қолданылады (сырқаттану деңгейі класс (топтың) санынан 20% және одан жоғары немесе процеске жалпы білім беру ұйымның 30% және одан жоғары қосылған жағдайда). Комитеттің зертханалық қызметі тұмау вирусының және басқа да тұмау емес инфекциялардың айналымына мониторингті жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта болжам бойынша анықталған ағымды эпидемиялық маусымда вакцина құрамына кірген тұмау жағдайларының ішінде 48%-ы тұмаудың A(H3N2 Гонк Конг) вирусы және 52%-ы В (Брисбен) вирусының айналымы анықталды. Өткен маусымда халық арасында айналымда болған А (H1N1(пандемиялық) тұмау вируспен сырқаттану жағдайлары тіркелмеген. Бұдан басқа алдыңғы жылдардағыдай ҚР аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалды, метапневмовирусты, бокавирусты, риновирусты және аденовирусты сияқты тұмау емес инфекциялардың айналымы байқалады. Комитет демалыс аяқталуын және балалар, мектеп оқушылары және т.б. жаңа ұйымдастырылған ұжым қалыптастыруын ескере отырып, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануын және вирусты инфекциялар қоздырғышының өзгеруін қантар айының екінші жартысы және ақпан айының бірінші онкүндікте өсуін болжамдайды.

Тұмау - бұл тұмау вирусымен тудырылатын тыныс алу жолдарының жіті инфекциялық ауру. Тұмау вирусының үш түрі бар: А, В және С, оның ішінен кең тараған түрлері А және В тұмау вирустары. Тұмаудың А түрі өз кезегінде өзгере алатын 15 түрін қосады, олар эпидемия тудыра алады және оның ең қауіпті екі түрі жыл сайын тұмауға қарсы маусымдық вакцина құрамына қосылады. Тұмау вирустарының В және С түрлері адамдар арасында эпидемия тудырмайды. Ауру жедел басталады: қалтырау, бас ауру, бұлшықеттердің, аяқ-қолдарының, белдің ауруы, жарықтан қорқу, әлсіздік және адинамия пайда болады. Дене температурасы тез өсіп, бірінші тәулік соңында 39оC және одан жоғары өседі. Тұмаудан басқа бүгінгі күні 200 астам әртүрлі қоздырғыштарының тұмаутәріздес аурулар белгілі (адено, рино, респираторлы-синтициалды, боко, пневмо және басқа вирустар) бұл ауру басталғаннан 7 күн бойы байқалатын дене температурасының 38оC  жоғары және жөтелмен өтетін вирусты ауру жағдайы. Тұмаутәріздес аурулардың көптүрлілігі және вирусты инфекциялар қоздырғышы өзгеруі әсерінен тұмаутәріздес ауруларға қарсы вакцина жоқ. Тұмау және ЖРВИ ауру көзі ауру адам болып табылады. Жұқтыру ауа тамшы жолымен түшкіргенде, жөтелгенде пайда болады. Инфекцияны жұқтырғаннан бастап ауру басталғанға дейінгі кезең бірнеше сағаттан біржарым тәулік аралығында болуы мүмкін. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарда тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың өсуіне уақытылы ден қою мақсатында 7172741889 телефоны арқылы хабарласыңыз.