«Сәуірдің 28-і күні ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов жүргізген кеңестің қорытындысы бойынша, «Халықтың жеке тіркеу нөмірлері туралы» ҚР Заңымен бекітілген жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН/БИН) қолдануы мерзімі 2010 жылғы тамыздың 13-інен 2012 жылғы қаңтардың 1-іне ауыстырылды.
ҚР «Халықтың жеке тіркеу нөмірлері туралы» Заңына сәйкес ЖСН 1997 жылы жеке куәлік алған барлық азаматтарға берілуі тиіс. Қайта құжаттандыру 2007 жылы тамыздың 13-інен басталған және 2010 жылғы тамыздың 13-інде аяқталуы керек болған. Осы уақыт өткеннен соң ЖСН жоқ жеке куәлік жарамсыз болып есептелінетін.
Жеке код әлеуметтік жеке кодты (ӘЖК) және салық төлеушінің жеке тіркеу кодын ауыстырады.