Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күшті ыстық болады. Атырау облысында күн қатты ысып, кей жерлерде аптап ыстық болады.
07:41, 29 Тамыз 2014
Қазақстанда жұма күні ауа райы ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде бүгін күн ашық болады, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, кейбір аудандарда тұман түсуі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.