Оның айтуынша, мұндай талап алғаш рет Еңбек кодексінде бекітілді.
— Еңбек кодексіне алғаш рет жұмыс берушілер мен қызметкерлердің киберқауіпсіздік және кибермәдениет талаптарын сақтау міндеттері енгізілді. Бұл әрбір қызметкердің цифрлық қауіпсіздігін қорғауға қажетті базалық білім мен дағдыны меңгеруіне, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен қызметтік деректерді қауіпсіз пайдалануға бағытталған, — деді вице-министр.
Жаңа нормаға сәйкес, жұмыс берушілер киберқауіпсіздікке қатысты ішкі қағидалар немесе регламенттерді бекітіп, қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыруға тиіс.
Оның айтуынша, киберқауіпсіздік пен кибермәдениетке қатысты әдістемелік ұсынымдар Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында және электрондық үкімет порталының «Көмек» бөлімінде жарияланған.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет елдегі киберқауіпсіздік талаптарын күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізген еді.