Қазақстанда жұмыс берушiлер қызметкерлерге 260 млн. теңге зейнетақы салымдарын төлемеген

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанда жұмыс берушiлер қызметкерлерге 260 млн. теңге зейнетақы салымдарын төлемеген. Бұл туралы бүгiн ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорау министрлiгiнде өткен жиналыста Еңбек және әлеуметтiк серiктестiк департаментiнiң бастығы Ақмади Сарбасов мәлiм еттi.

А.Сарбасов хабарлағанындай, Салық комитетiнiң 2013 жылғы 1 қаңтардағы ақпаратына сәйкес, 210 салық төлеушi өздерiнiң бұрынғы жұмысшылары алдында мiндеттi зейнетақы салымдары бойынша 260 млн. теңге берешектерi бар. Ең жоғары көрсеткiштер Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында тiркелген.