Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы еңбек инспекциясы Бас прокуратурамен бірлесіп, 70 ұйымда тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті және шетелдік мамандар арасындағы еңбекақы төлеуде сәйкессіздіктер анықталды.
«Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту үшін Әкімшілік және Қылмыстық кодекстердің жобаларында жалақыдағы сәйкессіздікке қатысты құқық бұзушылықтың жаңа нормасы енгізілуде. Жобалар Мәжіліс қарауында. Яғни, аталған нормаға сәйкес, бірдей жұмысы үшін бірдей жалақы алудағы жұмысшы құқығының бұзылғаны үшін әкімшілік, сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылады», - деді Т.Дүйсенова.