Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Еңбек кодексінде келесідей өзгерістер енгізілуде: жұмыс беруші қызметке алу туралы вакансия жариялау кезінде азаматтың жасы бойынша дискриминацияны енгізбеуі тиіс. Екіншіден, еңбек келісімшартын бекіту кезінде жұмыс беруші кемсітушілік мағынадағы талаптарды атауға құқы жоқ. Сонымен қатар жұмыс беруші зейнеталды жастағы азаматтармен біржақты тәртіпте келісімшартты бұзу құқына ие болмайды», - деді вице-министр.