«2014 жылғы сәуірде халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 60242 теңгені құрады. Бұл өткен жылғы сәуірге қарағанда 9 пайызға жоғары. Ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,3 пайызға өсті», - деді агенттік басшысы.
Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың сәуірінде 1 қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 116927 теңгені құрады және 2013 жылдың сәуірімен салыстырғанда 11,3 пайызға өсті.
«Мамыр айында жұмыссыздар саны бағалау бойынша 466 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 5,1 пайыздық көрсеткіші төңірегінде болды», - деді Ә.Смайылов.