Қазақстанда жұмыссыздар саны азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 442,8 мыңнан 441,8 мың адамға азайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндайтұжырымдарды Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (бұдан әрі ЕРДО) сарапшыларыҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпаратын талдаунәтижесінде жасады. Сарапшылардың пікірінше, халық санының көптігінебайланысты жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі еліміздің оңтүстік өңірлерінде тіркелген.

«Жұмыспен қамтудыңжоғары үлесіне қарамастан Алматыда жұмыссыз азаматтардың саны 50,3 мың, Алматыоблысында – 48 мың, Түркістан облысында – 42,1 мың адамды құрады. Өткен жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар санының теріс өсу динамикасы Маңғыстауоблысында - 12,7%, Атырау облысында - 6,5%, Нұр-Сұлтанда - 5,7% байқалды», –деді ЕРДО еңбек нарығын талдау департаментінің директоры Жақсылық Конанов.

Оның айтуынша, жас ерекшеліктері тұрғысынан жұмыссызадамдардың ең көп саны – 25-35 жасқа дейінгі аралықта байқалуда – 38,5% (169,9 мың адам), ең азы – 65-тен жоғарысанатта – 0,6% (2,5 мың).

«Жұмыссыздардың басым бөлігінде орта кәсіптік (41,4%) немесежоғары білімі (33%) бар және өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғандаолардың саны 10,3% және 17,3% артқан.Оның негізгі себебі түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігінің жоқтығы –24,8% (93,5 мың адамның жұмыс табуғамүмкіндігі жоқ, 14,3 мың адам оқудан кейін жұмыссыз) және мамандардыңтұрақтамауы – 35,5% (өз еркімен жұмыстан кету – 116,8 мың, еңбеккелісімшарттың мерзімі аяқталуына орай жұмыстан босатылу – 37,5 мың)», – дедіКонанов.

Оның айтуынша, мамандар тұрақтамауының бірден-бір себебі –өңір мен экономиканың саласына байланысты еңбекақының бірдей болмауы.