Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы шілдеде Қазақстанда жұмыссыз жүрген 440,9 мың адам тіркелген, бұл жұмыс күші санының 4,8%-ын құрайды (маусымда 4,8%). Мұндай деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми дерек бойынша, осы жылдың шілде айының соңында ҚРжұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 172,7 мың адам немесе елдіңэкономикалық белсенді халық санынан 1,9%-ы ресми түрде тіркелген.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың сәуір-маусымындажұмыс күші санының 0,3 пайызына (30,4 мың адам) тең болды.

Осы жылдың шілдесінде республиканың экономикасында 8,8 млнадам жұмыспен қамтылған.

Еңбекке тартылған халықтың арасында 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпысанынан 76,1 пайызы) жалдамалы еңбек етеді.

Авторы Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар