АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың ақпан айында жұмыссыздар саны 440,3 мың адамды құрады, бұл жалпы жұмыс күшінің 4,8% құрайды (2018 жылдың желтоқсанында 4,8%). Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл ақпан айының соңында еліміздің жұмыспен қамту органдарында 131,8 мың адам, яғни елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 1,4% жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылдың қазан-желтоқсан айларында 25,1 мың адам немесе жалпы жұмыс күшінің 0,3% құрады.