Қазақстанда жүрек ақауымен туылған 12-15 келі салмаққа дейінгі балаларға операция жасайтын клиникалар жоқ - А.Сейдалин

Ы. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда «Қазақстандық сәбилер емі бар аурулардан шетінемеуі керек.

Қазақстандағы балалар кардиохирургиясының проблемаларын 2009 жылы шешу туралы есеп» атты Қазақстандағы балалар кардиохирургиясының проблемаларына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз мәслихаты барысында балалар кардиохирургиясының жағдайы және сол жағдайдан шығу жолдары, сонымен қатар проблемаларды шешу жолында 2009 жылы жүзеге асырылған шаралар талқыланды.

Қазақстанда жыл сайын жүрек ақауымен 3000 жуық сәби дүниеге келсе, олардың 10-15 пайызы ғана бір жасқа дейін өмір сүреді екен. 5000 сәби туа бітті жүрек ақауын жою операциясын жасауға кезек күтуде. «Бүкіл өркениетті елдерде туа бітті жүрек ақауы балалардың өміріне шығарылған үкім емес. Қазақстанда жүрек ақауымен туылған 12-15 келі салмаққа дейінгі балаларға операция жасайтын клиникалар жоқ, ал жүрек ақауы бар балалар мұндай салмақты тек 3 жасқа қарай ғана жинай алады. Операцияларды бір жасқа дейінгі жас сәбилерге жасау қажет және олар сәттірек өтеді. Оның үстіне дер кезінде жасалған операцияның нәтижесі жақсы болады. Операциядан кейін балалар әдетте толыққанды өмір сүре алады, тіпті спортпен де шұғылдана алады», дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас кардиохирургы, А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Арыстан Сейдалин.

Шараға «ДОМ» Қоғамдық қорының директоры Аружан Саин, ҚР Қайырымдылық қорлары қауымдастығының өкілі Әсел Ізбасарова. «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС Бас директоры Константин Кулинич қатысты.