Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні кез келген азамат автомектептерден жүргізуші куәлігін белгілі бір мөлшердегі ақшаға емін-еркін сатып алады.
«Автомектептер іс жүзінде жүргізуші куәлігін сатумен айналысады. Оны тіпті туған күнге сыйлық ретінде тарту етуге де болады. «Ұлым 18-ге толды. Біз оған машина мен жүргізуші куәлігін сыйлағымыз келеді», - дейді. Мұндай тәжірибе бар. Неге мұндай тәжірибемен күреспеске?» - деді ол.
Оның пайымынша, дәл осы жайттың салдарынан, яғни жүргізушілердің біліксіздігінен әрі тәжірибесінің жоқтығынан жол апаты көбейіп отыр.
«Біз ерікті түрде сынақ жүргізген едік. 100 жүргізушінің тек 13-і ғана жол қозғалысы ережесінен өте алды. Бұл көлік басқарып жүрген жүргізушілер. Бұл мемлекеттік проблема», - деп атап өтті одақ басшысы.
Т.Жаңабаевтың атап өтуінше, Кеңес одағы тұсында жүргізушінің жылына 1-2 рет сынақтан өтуі туралы талап болған. Қазіргі уақытта ол талап қолданылмайды.
«Бұған қоса, заңнама, жол қозғалысы ережесі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жүргізушілер бұл ережелерді қасақана бұзбайды. Өйткені, олар ережені білмейді», - деді ол.