Қазақстанда жүзге жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Қазақстанда жүзге жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпандағы мәліметіне қарағанда, 1 635 адам коронавирус инфекциясынан (–1 464 және 171 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 99 пациент стационарда, 1 536 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ , КВИ-ге шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.