Есептік кезеңде инженерлік ғимарат құрылыстарының жұмыс көлемі 97,5 млрд теңгені, автомагистральдер, көшелер, жолдар, теміржолдар, көпірлер мен тоннельдер - 83,9 млрд теңгені, тұрғын үйлер - 75,1 млрд теңге, өнеркәсіптік ғимараттар - 65,8 млрд теңге, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі құрылымдары 55,3 млрд теңгені құраған.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 3,4 процентке азайған және 486,7 млрд теңгені құраған. Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сәйкесінше 53,1 және 71,4 процентке артты.
Қаңтар-сәуірде 11 903 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды.