Қазақстанда жыл басынан бері 4000 әйел жүргізуші куәлігін алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылдың басынан бастап 15 мыңнан астам қазақстандықтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәліктерін алды, олардың төрттен бір бөлігін әйелдер құрап отыр.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Қарағанды, Алматы, Ақтау, Астана және Тараз қалаларында қызмет етіп жатқандығын еске саламыз. ҚР ККМ мәліметінше, «ИК-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес, 2014 жылы Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Талдықорған, ал 2015 жылы Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал және Шымкент қалаларында мамандандырылған ХҚКО-ларды іске қосу жоспарланып отыр.