«2019 жылдың 1 қаңтарынан 30 сәуіріне дейін ішкі істер органдары кәмелетке толмаған тұлғалардың із-түзсіз кетуіне қатысты 114 іс ашқан. 2018 жылдың осы кезеңінде 121 іс ашылған еді», - дейді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің өкілдері.
2018 жылы жалпы 407 іздестіру ісі, 2017 жылы 504 іздестіру ісі ашылған.
«2019 жылдың 1 қаңтарынан 30 сәуіріне дейінгі аралықта 118 іс тоқтатылды. Оның ішінде өткен жылдарда ашылғандары да бар. Сол 118 істің 117-сі іздестірілген тұлғаның қайда екені анықталуына байланысты, біреуі денесін тануға байланысты тоқтатылды. 2018 жылдың осы кезеңінде де 118 іс тоқтатылған. Оның да тура 117-сі іздестірілген тұлғаның қайда екені анықталуына, қалған біреуі ескіру мерзімі жетуіне байланысты», - дейді Бас прокуратура өкілдері.
Былтыр іздеу салынған балалардың үшеуі қайтыс болған. Олардың де туған-туыстары үшеуінің денесін таныған.
«2018 жылдың 12 айында 413 іс (өткен жылдарда ашылғандарын қосқанда) тоқтатылды. Соның 406-сы тұрған жерінің анықталуына, 4-еуі ескіру мерзімінің жетуіне, 3-еуі денесін тануға байланысты тоқтатылған. 2017 жылы 514 істің 502-сі тұрған жерінің анықталуына, 3-еуі мерзімінің жетуіне, тағы үшеуі сот қайтыс болған деп тануына, 6-ауы денесін тануға байланысты тоқтатылған», - дейді Бас прокуратура өкілдері.
Автор: Азамат Сыздықбаев