18:35, 09 Сәуір 2009
Қазақстанда жыл басынан бері екі шетелдікке қарсы экстрадициялық тұтқындау қолданылды
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат – Прокуратура органдарының ұсынысы бойынша 2009 жылдың бірінші тоқсанында өз мемлекетінің аумағында (Өзбекстан және Ресей) жасаған қылмыстары үшін іздестірілуде жүрген екі шетелдік азаматқа қарсы экстрадициялық тұтқынға алу шарасы қолданылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2009 жылғы қарашаның 31-інде Астана қалалық ІІД қылмыстық полициясы басқармасы қызметкерлерінің шұғыл-іздестіру шараларын өткізу кезінде Өзбекстан заңнамаларында көрсетілгендей жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды және ол уақытша оқшаулау қапасына қамалды. 2009 жылғы ақпанның 3-інде Астана қаласы Алматы аудандық прокурорының ұсынысы бойынша Өзбекстан азаматына қарсы аталмыш ауданның соты шешімімен экстрадициялық қамау алу қолданылды. ҚР Бас прокуратурасының осы жылғы наурыздың 11-індегі қаулысы бойынша қылмысы үшін жауапқа тарту үшін шетелдік азамат Өзбекстанның құзырлы органына берілді.