Қазақстанда жыл басынан бері ең төменгі күнкөріс деңгейі 5,2% артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2019 жылдың сәуірінде 27 мың 822 теңгені құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда (наурызда - 27 405 теңге) 1,5%-ға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі шамасы негізінде есептелген жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы ағымдағы жылдың сәуір айында 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,2% өсті, өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда - 5,6%.

Өткен айдағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,2%, сүт, май өнімдері мен жұмыртқаға - 15,9%, жемістер мен көкөністер - 9,1%, нан және жарма - 7,6% , қант, шай және дәмдеуіштер - 2,2%.