14:05, 13 Сәуір 2009
Қазақстанда жыл басынан бері құрылыстағы баға орта есеппен 0,7 пайызға өсті
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылдың басынан бері құрылыстағы баға орта есеппен 0,7 пайызға өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Наурызда құрылыстағы бағалар өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,7 пайызға өсті. Бұл ретте бір жылдың ішінде, яғни 2008 жылдың наурызынан бері бағаның өсімі 8,3 пайызды құрады», делінген ҚР Статистика агенттігінің бүгін таратқан хабарламасында. Агенттіктің мәліметінше, 2009 жылғы наурызда 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар 0,4 пайызға, ал болаттан жасалған илек, бұрыштар мен пішіндер, болат құбырлар, минералды мақта 2,2-2,6 пайызға, әрлеу ерітіндісі 1,2 пайызға арзандаған. Ағаш есіктер мен табалдырықтар 3 пайызға, жертөле қабырғасының бетон блоктары 2,2 пайызға қымбаттаған.