«Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін www.egov.kz «Отбасы» тарауындағы «Отбасы жағдайы» салымынан табуға болады. Оны алу үшін порталда тіркелуден өту және электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.
Өтінімді толтыру кезінде келешек ерлі-зайыптылардың бірі кез келген қазақстандық банктің төлем картасының көмегімен 1 АЕК көлемінде (2014 жылы - 1852 теңге) мемлекеттік салық төлейді. Екінші тарап электрондық шақыруды алып, өзінің ЭЦҚ-мен куәландырып, келісімін беруі тиіс.
Аталған тәсілдің басты артықшылықтарының бірі келешек ерлі-зайыптылар әр түрлі қалаларда және елдерде жүрсе де некеге тұруға өтінішті бере алатындығы болып табылады.
Бүгінгі күні е-үкіметтің көмегімен АХАТ-ге 53217 жұп өздерінің өтініштерін берген.