Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 4,2 пайызды көрсетті – ҰЭМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 пайызға дейін жеделдеді. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 пайызға дейінжеделдеді. Қаңтар-маусымда бұл көрсеткіш 4,1 пайызды құраған еді. Серпінөнеркәсіптегі, құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен,сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардыңтұрақты қарқынымен қамтамасыз етіліп отыр. Инфляция деңгейі жылдық мәнінде 5,4пайызды құрады. Бұл инфляция дәлізінің 4-6 пайызының шегінде», - деді Ұлттықэкономика министрі 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша берген есебінде.

Министрдің айтуына қарағанда, инвестициялар серпініЖалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан озық болып отыр(11,3 пайыз). Инвестициялар ауыл шаруашылығында 61,4 пайызға, құрылыста 46,3пайызға, саудада 23,0 пайызға және өнеркәсіпте 18,9 пайызға өскен.

Еске сала кетсек, Руслан Дәленов осыдан екі ай бұрында ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрағанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар