«Саланың дамуын тежеп отырған проблемалардың бірі теңізде балық аулаумен байланысты болып отыр. 12 мың тоннаға жуық теңіз балықтары түрлерін аулау лимиті жыл сайын пайдаланылмайды. Себеп - теңіз балық аулау флотының жеткілікті дәрежеде дамымауы. Кәсіпкерлер дизель отынын сатып алуға көп шығынданатындықтарына шағымданады. Сонымен бірге тіркеу портына кіріп-шығу қиындатып жіберілген», - деді Нысанбаев.
Оның айтуынша, жаңа балық аулау флоты қымбаттылығына және теңіз флоты білімі бар отандық мамандардың болмауы салдарынан сатып алынбай отыр. Ал, теңізде балық аулау лимитін толық игеру үшін 4,4 млрд. теңгеге жуық инвестиция қажет.
«Осы бағытта мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуды жоспарлап отырмыз», - деді Нысанбаев.
Айта кетейік, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде еліміздегі балық шаруашылығының жағдайы және даму мәселелері талқылануда.