«Жыл сайын ішкі істер органдарының есебінде 12 мыңнан астам берекесіз отбасылар болады. Оларда 17 мыңнан 18 мыңға дейін бала өмір сүруде. Олар іс жүзінде әр күн сайын өздерінің проблемасы мол ата-аналарының жанында өмір сүру үшін күресуде», - деді ол.
Сонымен қатар ол әумесер мінез-құлықты балар санының төмендемей отырғандығына және олардың кішкентай кездерінен ювенальды полиция есебінде тұратындығына алаңдаушылық танытты.
«Жыл сайын олардың саны 10 мың баланы құрайды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында кәмелеттік жасқа толмағандар 1549 құқық бұзушылық жасады. Бұл қайта төмендегені. Мәселен, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 2239 бұзушылық жасалған еді. Бұған қоса, 179 жасөспірім қылмыс жасағаны үшін сотталды. 2015 жылы 202 жасөспірім істі болған еді. 53 кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиелеу коллонияларында отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 67 бала болған», - деді З.Бәлиева.