деп мәлім етті «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қадыр Омаров pm.kz сайтына берген сұхбатында.
«Бұрындары біз туа біткен жүрек ақауы бар 40-50 балаға операция жасайтынбыз, енді жыл сайын 560-600 операция жасаудамыз», - деді Қадыр Омаров.
«Бұл операциялар Алматы және Астана қалаларында жасалады», - деп атап өтті ол.
Қ.Омаровтың айтуынша, республикада орта есеппен 2,5 мың бала жүрек ауруымен дүниеге келеді, олардың 45 пайызы операция жасауды қажетсінеді.
Сондай-ақ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы балаларға кардиохирургиялық операция жасау үшін заманауи технологиядық жарақтар мен жоғары білікті мамандар қажеттігін баса айтты.
«Балалар операциялары үшін жақсы технологиялық мүмкіндіктер мен дайындығы мықты жоғары білікті мамандар қажет, сондықтан операциялар Алматы және Астананың медицина орталықтарында өтеді», - деп аяқтады сөзін Қадыр Омаров.