«Бедеулік - бірқатар отбасылық жұп үшін қасірет. Бала тууға қабілетсіз біздің еліміздегі жұптардың саны 15-16 пайызды құрайды. Әрбір бедеуліктің әрбір бесіншісіне жасанды түсік жасау себеп болып отыр», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде бедеулікті емдеу үшін жоғары технологиялар қолданылуда.
«Елімізде жыл сайын халықтың әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына 600 квота рәсімделеді. Ол кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі тізіліміне енген», - деді республикалық үйлестіруші.
Г.Омарованың сөзіне қарағанда, соңғы он жылдың ішінде республикада жасанды түсік жасау үш есеге төмендеп отыр. Дегенмен, Еуропа елдерімен салыстырғанда әлі де болса біршама жоғары.
«Егер Еуропа елдерінде мың әйелдің үш-жетеуі жасанды түсік жасаса, бізде бұл көрсеткіш 18 болып отыр», - деген ол елімізде жыл сайын 80 мың жасанды түсік жасалатынын атап өтті.