Оған ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Әділет министрі Берік Имашев, Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы А. Смолин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л. Полторабатько, ҚР Бас прокурорының орынбасары Ж. Асанов, сондай-ақ Жоғарғы Соттың судьялары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен отандық марапшылар қатысуда. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар тарапынан ЕҚЫҰ- ның Астанадағы Бағдарламалар кеңесінің басшысы Дьердь Сабо, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Стратегиялық қолдау департаментінің басшысы И. Горюнова, Еуропалық Кеңестің Венециялық комиссиясының Орталық Азиядағы жоба менеджері С. Анисимова, ЕурАзЭҚ сотының судьясы В. Сейтімова, шетелдік көрнекті сарапшылар, ғалым-құқықтанушылар қатысуда.
Конференцияның мақсаты - 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Азаматтық процессуалдық кодекске енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулардың сапалы іске асырылуы мен кеңінен талқылануын қамтамасыз ету.
Конференцияның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми процессуалдық заңнамаға енгізілген басты өзгерістерге тоқталды.
«Жаңа заңды әзірлеуде дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамытуға бағытталған азаматтық істерді ыңғайлы әрі тез қараудың тәртібін құруға басымдық берілді. Бұл сот төрелегін қалпына келтіру сипатын негіздейді, дауларды шешудің уақытын қысқартады. Сондай-ақ, сот өндірісіне ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану бойынша жаңа нормалар, соттарды инвесторлардың құқығын қорғау бойынша мамандандыру жүйесі енгізілді. Бұл біздің елімізде инвестиция мен кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыда қорғаудың жаңа деңгейін қамтамасыз етеді. Елімізде жыл сайын азаматтық дауларға 1,5 млн адам тартылады. Осыған байланысты, жаңа процессуалдық заңнаманың маңыздылығы арта түседі», - деді Қ. Мәми.
Айта кетелік, жаңа процессуалдық заңнаманы әзірлеу барысында соңғы екі жыл ішінде мыңнан аса ұсыныстар қаралған. Олар мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, заңгерлік қауымдастықтар мен тұрғындар тарапынан да келіп түскен.
Конференция жұмысы одан әрі жалғасуда.