Бұл жайлы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ғылым жөніндегі директоры Татьяна Слажнева бүгін Алматыда Дүниежүзілік обырмен күрес күніне арналған баспасөз мәслихатында айтты.
«Обыр ауруы тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің барлық елдеріндегі әлеуметтік ортақ мәселесі. Ол кез келген жастағы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы әртүрлі адамдарда да кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне қарағанда 2005-2015 жылдары әлемде обырдан 8,4 млн. адам көз жұмуы мүмкін», - дейді Т.Слажнева. Оның айтуынша, обырдың өсу қарқыны Қазақстанда жеткілікті деңгейде жоғары. ДДҰ-ның зерттеулеріне қарағанда, онкологиялық аурулардың өсуі негізінен обырдан. Онкологиялық аурулардан көз жұмушылар Қазақстанда 2-ші орында тұр.