Қазақстанда жыл соңына қарай өткен жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтыну көлемі 3,5 пайызға азаяды деп күтілуде

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылдың соңына қарай өткен жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтыну көлемі 3,5 пайызға азаяды деп күтілуде.

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылға қарағанда әзірге елімізде электр энергиясы 6,4 пайызға аз тұтынылған. Алайда, ай сайын электр қуатын тұтыну артып отырғандықтан, ағымдағы жылдың соңына қарай өткен жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтыну көлемі 3,5 пайызға азаяды деп күтіліп отыр. Министр Қазақстанның оңтүстік өңірлері биыл электр қуатымен тұрақты қамтамасыз етілетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұған жақында іске қосылған «Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі» екінші электр өткізгіші желісі септігін тигізеді.