«Ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толықтыру үшін мал басын өсіру қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың 7 айында ірі қара малының 5 пайызға, ұсақ малдың 2 пайызға, жылқының 9 пайызға өсуі байқалды», - деді министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар ол өңделген өнім бойынша өсім болғанын айтты. Бұл тұрғыда ұн 6,4 пайызға, өсімдік майы 1,8 пайызға, макарон өнімдері 8,4 пайызға, құс еті 12,3 пайызға, қышқыл-сүт өнімдері 4,7 пайызға, сары май 12,9 пайызға, шұжық өнімдері 22,8 пайызға өсті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда азық-түлік тауарларының 6 түрі бойынша импортты алмастыру жүргізілуде.