Қазақстанда жылы ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы аптада еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталады, деп жазады khabar.kz.

Синоптиктердің болжауынша, батыс және солтүстік аймақтарда атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз 3-8 градус жылы болады.

Ал Орталық және Шығыс Қазақстанда ауа райы 7-12 градус жылы. Еліміздің оңтүстігінде күн ашық болып, 15 градус жылы болады деп күтілуде. Мамандардың айтуынша, қарашаның бірінші күнінен басталған тұман бір аптаға дейін жалғасуы ықтимал.