Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайда орындалатын жедел іс-әрекеттер пысықталды.
Осы орайда желдету, бейнебақылау, өрт дабылы және өрт сөндіру жүйесі сияқты тоннель қауіпсіздігінің негізгі жүйелерін сынауға ерекше назар аударылды.
Аталған жүйелер құрылымның қауіпсіздік стандарттарын растай отырып, пайдалануға дайын екенін көрсетті.
Оқу-жаттығу кезеңдерінің бірі істен шыққан көлік құралын жедел сүйретуді пысықтау, сондай-ақ, жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру тәртібі болды.
Түркістан облысы ТЖД мамандары жол қызметтері үшін нұсқама өткізіп, оның барысында төтенше жағдай туындағанда орындалатын іс-әрекет тәртібін түсіндірді.
Оқу-жаттығу тоннельде төтенше жағдай туындаған кезеңде бүкіл жұмылдырылған қызметтердің жедел іс-әрекет дайындығын арттыруға ықпал етті.
Тоннель осы айда халық игілігіне пайдалануға беріледі.