Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың 40% ресейлік бизнестің қатысуымен құрылған – «Атамекен» ҰКП
АСТАНА. KAZINFORM – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов Қазақстан экономикасы үшін Ресей компанияларымен ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
— Қазақстан ЕАЭО аясындағы өндірістік тізбекті дамытуға зор мән береді және біз ресейлік кәсіпорындармен ынтымақтастық синергетикалық тиімді нәтиже береді деп есептейміз, — деді ол қазір Санкт-Петербургте өтіп жатқан халықаралық экономикалық форумда.
Сондай-ақ ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Қазақстандағы барлық бірлескен кәсіпорынның 40%-ы ресейлік бизнестің қатысуымен құрылғанын мәлім етті.
- Бұл көрсеткіш екіжақты ынтымақтастықтың нақты нәтижесі және болашақта өсу әлеуеті жоғары, - дейді ол.
Бұған дейін Ресей Израиль мен Иранға арағайындық жасауға дайын екендігін хабарлаған едік.