Жарияланған дерекке сәйкес, табыстың ең үлкен үлесі ауруханалар қызметіне тиесілі — 2,2 трлн теңге. Бұл жалпы көлемнің 52,5 пайызын құрайды.
Одан кейін жалпы дәрігерлік практика — 667,1 млрд теңге, денсаулық сақтау саласындағы өзге қызметтер — 663,7 млрд теңге және мамандандырылған дәрігерлік практика — 235,9 млрд теңге көлемінде табыс әкелген.
Әлеуметтік қызмет көрсету мен стоматологиялық қызмет те жалпы кірісте елеулі үлеске ие.
Шығыстар құрылымында ең үлкен үлес еңбек ақы төлеу мен қызметкерлерді ұстауға жұмсалған. Бұл бағытқа 2,144 трлн теңге немесе жалпы шығынның 51,7 пайызы бағытталған.
Сатып алынған қызметтерге 603,1 млрд теңге жұмсалған. Қалған шығыстардың жиынтық көлемі 1,4 трлн теңгеден асты.
Өңірлер бойынша ең жоғары табыс Алматы қаласында тіркелді — 792,2 млрд теңге. Одан кейін Астана — 671,6 млрд теңге және Түркістан блысы — 265,4 млрд теңге көрсеткішке жетті.
Бұл тізімде одан әрі Шымкент, Қарағанды, және Алматы облыстары орналасқан.
Сонымен қатар кейбір өңірлерде шығыс табыстан асып түсті. Олардың қатарында Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары бар.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда үш жылда 800-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды.