Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кешені Шымкент қаласында салынады

17 қарашада Астанада өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI қазақстандық дөңгелек үстел отырыс аясында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды. 

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Kazinform Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әс-шараға әлемдік бизнестің және қаржы секторының өкілдері және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.

Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларына екі шетелдік компаниямен меморандумға қол қойды.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Біріншісі бойынша Түркияның ірі компаниясы «Alarko Holding» қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салады. 650 млн АҚШ доллар сомасына жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құруды, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.

Екіншісі бойынша «IŞIKLAR PACKAGING Ltd» түрік компаниясы «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауытын салады. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды.

Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі