Бұл — 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға көп. 2023 жылы саладағы қызмет көлемі 229 млрд теңгені құраған еді.
- Орналастыру орындарының саны жыл ішінде 311-ге артып, жалпы саны 4 303 нысанға жетті.
Ал біржолғы сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға ұлғайып, 226 мыңнан асты. Бұл көрсеткіштер елімізде туризм инфрақұрылымының даму қарқыны жоғары екенін және орналастыру орындарына сұраныстың артқанын айғақтайды, - делінген ақпаратта.
Қызмет көлемі бойынша көш бастаған өңірлер:
- Алматы қаласы — 96,3 млрд теңге
- Астана қаласы — 65,7 млрд теңге
- Ақмола облысы — 27,7 млрд теңге
- Маңғыстау облысы — 18,5 млрд теңге
- Шымкент қаласы — 11,3 млрд теңге.
Айта кетейік, Қазақстанда туризм мамандығын оқыту форматы өзгерді.