– Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларымен де, байқаушылармен де ауқымды жұмыс жүргізгенін ерекше атап өткім келеді. Оқыту жұмыстарының бірыңғай стандарттары қалыптастырылған, кәсіби команда жұмыс істеді. Бұл жерде барлық сайлау учаскелерінің ел бойынша бірыңғай стильде безендірілгені өте маңызды. Барлығы қолжетімді әрі көрнекі түрде ұйымдастырылған. Бұл сайлаушылар үшін, олардың өз еркін білдіруі үшін жақсы жағдай жасайды, – деді Наталия Павлюченко.
Оның айтуынша, сайлау күні ауа райы құбылмалы болғанына қарамастан, қазақстандықтар дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне белсенді түрде барған.
– Ауа райының құбылмалы болғанына қарамастан, сайлау күні қазақстандықтар учаскелерге баруын жалғастырды. Адамдардың отбасыларымен бірге келгенін, жас буынның да белсенді қатысқанын көрдік. Бұл өте маңызды. Ақпараттық жұмыс та нақты әрі мақсатты түрде жүргізілген, – деп түйіндеді ол.
Айта кеткейік, ШЫҰ байқаушылар миссиясы Құрылтай сайлауын демократиялық әрі ашық өтті деп бағалады.