«АҚШ елшілігі Қазақстаннан асырап алған балалардың қайғылы өліміне байланысты ресми мәлімдемесін жариялады. Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы америкалық отбасы асырап алған казақстандық балалардың өліміне себеп болған трагедияны естіп, ауыр қайғыға батты. АҚШ халқы Қазақстанның халқымен бірге қайғыруда. АҚШ құқық қорғау органдары орын алған оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бұл оқиғадан соң АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтондағы Қазақстанның елшілігімен хабарласқандай, АҚШ дипломатиялық миссиясы Астанадағы Сыртқы Істер Министрлігімен хабарласты. Біз, өзіміздің басқа елдерден асырап алған балалардың әлеуметтік қорғанысын қамтудағы тәжірибемізге қатысты, АҚШ-тағы балалардың әлеуметтік қорғанысымен айналысатын қажетті органдар мен Қазақстанның ресми өкілдерінің қарым-қатынасын қамтамасыз етуді жалғастырамыз»,-делінген Елшіліктің ресми мәлімдемесінде.
Елшіліктің дерегіне сүйенсек, қазір АҚШ-та Қазақстанда туған 6600-ден астам бала асырап алған отбасыларымен бірге өмір сүріп жатыр.