Қазақстандағы ақылы жолдардан 2,5 млрд теңге түсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі төрт ақылы жолдан жарты жылда 2,5 млрд теңге түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін елордада өткен автомобиль жолдары мен көліктік бақылаусаласындағы сыбайлас жемқорлықмәселесіне арналған кеңесте айтылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасыҰлан Әліповтің сөзіне қарағанда, аталмыш қаражат түгелдей жолдарды күтіпұстауға жұмсалады.

«Ұзындығы 211 шақырым болатын «Нұр-Сұлтан-Щучинск» бағытындағы жол 2013 жылдан бастапақылы екенін білесіздер.Сол уақыттан бері аталмыш жолды күтіп ұстауға бюджеттенбір тиын да алған жоқпыз. Биыл 134 шақырым болатын «Нұр-Сұлтан-Теміртау» бағытындағы жолды, 47 шақырым болатын«Алматы – Қапшағай» және 292 шақырымдық «Алматы – Қорғас» жолдарын да ақылыеттік. Олар да өз есебінен қаржыландырылады», - деді Ұлан Әліпов.

Кеңес барысында ұлттық компания басшысы сыбайласжемқорлық тәуекелдерін жою жолында атқарылып жатқан шараларға да тоқталды.

«Бұл бағытта тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді.Онда мақсаттар, нақты іс-қимылдар, оларды орындау мерзімдері белгіленген.Жоспарды орындау үшін аумақтық бөлімшелерге тиісті ақпарат жеткізілді. Жол салу,қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыс сапасына қойылатын талаптарды сақтаубойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жобаларды іске асыруға қатысы бартұлғалардың жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, автожол жобаларын мониторингілеупроцесі автоматтандырылды, мердігер дайындаған материалдар туралы, техниканыжұмылдыру туралы мәліметтерді қоса алғанда, құрылыс-монтаж жұмыстарының барлықсатыларында жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ашатын бағдарламаіске қосылды. Келешекте бұл бағдарламакорпоративтік сайтпен біріктірілетін болады», - деді ол.

Аталмыш кеңесте, сондай-ақ ҚР Бас көлікпрокурорының міндетін атқарушы Жасұлан Еламанов теміржол билеттерін сатуғаарналған Mobius жүйесі заңсыз билет айналымына тосқауылбола алмағанын айтқан болатын.

«Қазақстан темір жолы»ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов болса, елімізде әйелдергеарналған жеке вагондар іске қосылмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар,«Тальго» пойызында жолсеріктерден зәбір көрген жолаушыға «Қазақстан темір жолы»тарапынан қай жағдайда моральдықшығын төленетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар