Қазақстандағы алғашқы мотор майын шығаратын зауыт Шымкентте іске қосылды

None
ҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Қазақстандағы алғашқы мотор майын шығаратын зауыт Шымкентте іске қосылды.

«Hill» корпорациясының жаңа кәсіпорны еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынды. Ол мотор майларының барлық түрін шығаруға қабілетті. Зауыттың қуаты жылына 70 мың тонна өнім шығаруға жетеді. «Осы күнге дейін қазақстан мотор майларын толығымен шет елден сатып алып отырды. Республиканың майлау материалдарын қажет ету көлемі жылына 400 мың тоннаны құрайды, біз оның 25-30 пайызын жабамыз. Импорттың орнын басатын сома жарты миллиард доллардан асады», дейді «Hill» компаниясының атқарушы директоры Баһадүр Сайдуллаев.

Зауыт ең алдыңғы қатарлы технологиялармен салынған, барлық өндірістік кезеңдер сынақ зертханаларында бақыланады. «Біз май сапасын, сипаттамасын тексереміз, содан кейін ғана майдың пайдалану қасиеті халықаралық сапаға сәйкес келетіндігі туралы кепілдік береміз», дейді зертхана меңгерушісі Евгения Ефимова.

Сонымен қатар Б.Сайдуллаевтың сөзіне қарағанда, отандық май шетелдік өнімге қарағанда 15 пайызға арзан болмақ. «Ал жеткізу уақыты 2 айдан 2 аптаға дейін қысқарады, импорттау барысында жеткізудің өзі 45 күнге созылып кететін», дейді ол.

Бүгінгі таңда кәсіпорын мотор майларының барлық түрлерін шығаруға дайын. Алғашқы тапсырыс беруші «ҚазМұнайГаз» және «ИнтерГаз» компанияларына инновациялық кәсіпорынның өнімдері жөнелтілгелі жатыр. «Енді біз майдың гидравликалық, компрессорлық, турбиндік жаңа түрлерін игеруді бастаймыз», дейді Б.Сайдуллаев. Кәсіпорын басшылығының әзірше шет елден тасымалданатын өнімдердің барлық компоненттерін өздерінде шығаруды жолға қоймақ жоспарлары бар.