ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, есепті кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс өндіру көлемі былтырғыға қарағанда 12,2%-ға қысқарып, 59 644 келіні құрады.
Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстанда өңделмеген алтын өндірісі 85 029 келіні құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға көп. Сонымен қатар өңделмеген күміс көлемі 1 058 605 келіні құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 10,8 пайызға кем.