Қазақстандағы апта ішінде болған тағайындаулар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі осы аптада елімізде болған кадрлық тағайындауларға шолуын ұсынады.

Аптаның басында Қазақстан Республикасы ПрезидентіӘкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімініңөкімі бойынша Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып ЕржанКүмісқалиев тағайындалды.

Ержан Көпжасарұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары, мамандығызаңгер. Еңбек жолын 2007 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №3 ортамектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі қызметінен бастады, кейіндиректордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды. 2008-2016 жылдараралығында Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасында бас маман, бөлімбасшысы, басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдыңқараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданыәкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Ал Әсет Мұқажанов Алматы қалалық әкімдігінің байланысқызметінің басшысы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың баспасөз хатшысы болыптағайындалды.

Әсет Мұқажанов 1990 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.Бейжің экономикалық университетін «әлемдік экономика» мамандығы бойыншабітірген. Әр жылдары «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры АҚ, «Болашақ» халықаралықбағдарламалар орталығында, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіндеқызмет істеген. 2014-2016 жылдары Коммуникациялар және жаңалықтар басқармасынбасқарған. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінің» ресмиөкілі болған. 2016-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің құрылымындаеңбек еткен.

Өткен апта алматылықтар үшін тағы ір тағайындаумен естеқалды. Санжар Ізтілеуов «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның төрағасы болып тағайындалды.

Ізтелеуов Санжар Бейсенбайұлы 1975 жылы туған. 1992 - 2001жылдар аралығында коммерциялық және халықаралық ұйымдарда түрлі қызметтератқарды. 2003 - 2005 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлауминистрлігі экономикалық саясат және индикативті жоспарлау департаментімакроэкономикалық болжау бөлімінің бастығы болды. 2005 - 2006 жылдары -«ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ келісімшарттық мониторинг және клирингдепартаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан бастап - «Қазақстанныңинвестициялық қоры» АҚ басқарушы директоры - инфрақұрылымдық жобалардирекциясының бастығы. 2011 - 2012 жылдары - «Азық-түлік келісімшарткорпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2013 жылдың шілдесіненбастап «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасыныңорынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың мамырында басқарма төрағасыныңміндетін атқарушы. 2015 жылғы қаңтардан 2017 жылғы сәуір аралығында - Басқарматөрағасы болып тағайындалды. 2017 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін«Қазақ Туризмі» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2019жылдың 31 шілдесі күні «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасыболып тағайындалды. «Алматы даму орталығы» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзегеасырады.

Соңғы жаңалықтар