Қазақстандағы аптап ыстық тағы үш күнге жалғасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанда аптап ыстық болады, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК.

«Қазақстанның басым аймағында антициклон әсері сақталады, сол себепті ауа райы әдеттегідей жауын-шашынсыз, ыстық болады. Ауа температурасы алдағы үш күнде әдеттегіден 4-10 градусқа жоғары болады. Шеткері батыс және солтүстік аудандарда ғана өткінші жаңбыр жауады. Сонымен бірге, оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда да өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Республиканың өзге аймақтарымен салыстырғанда, шығыста да, оңтүстік-шығыста да қалыпты кей жерлерде одан да төмен ауа райы күтілуде», - делінген хабарламада.