Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісі 3,5% артқан

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 1 473,3 млрд теңгені құраған.

Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5 %көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіСтатистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап өткенде, есептік кезеңде мал шаруашылығыөнімдерін шығару көлемі 1 249,4 млрд теңгені (былтырғы жылдың қаңтар-шілдеайларымен салыстырғанда 3,5% көп), өсімдік шаруашылығы – 207,9 млрд теңгені(+4,4%) құраған.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкөлемі 2.3 млрд теңге, аң шаруашылығындағы өнімдер (қызметтер) 0,6 млрд теңге,орман шаруашылығында – 7,7 млрд теңге, балық аулау және аквамәдениетте – 5,4млрд теңгені құрады.


Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар