PRI жобаларын үйлестіруші Индира Барықбаеваның айтуынша, аталмыш жобаның негізгі мақсаты әйелдер колонияларындағы сотталғандарды ЖҚТБ және туберкулез ауруларынан емдеу, осы аурулардың профилактикасын, диагностикасын және оңалту шараларын жақсартуға бағытталған. Ұзақтығы екі жылды құрайтын ілкі жоба Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан екі әйелдер колонияларын қамтымақ.
«Сотталған әйелдер арасындағы АҚТҚ/ЖҚТБ және туберкулез ауруларының алдын алу модельдік бағдарламасы» жобасын жүзеге асыру аясындатренингтер, мониторингтер өткізіледі.