Қазақстандағы балалар мекемелеріне мониторинг жасалды

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада Халықаралық семинар барысында Қазақстандағы балалар мекемелеріне жасалған мониторингтің нәтижелері бойынша әзірленген Деректер жинағы таныстырылды.

Құжатты Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігімен, Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігімен, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы өкілдігімен және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросымен бірлесіп әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Семинарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ балалар құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін белгілі сарапшылар қатысты.

Ұсынылған мониторинг құралдарының барлығы Астана қаласының Балалар үйінде, Балалар психоневрологиялық медициналық мекемесінде, Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығында апробациядан өтті.

ЮНИСЕФ-тің халықаралық сарапшысы (Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі ұлттық соттың судьясы, БҰҰ-ның Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің экс-төрағасы) Якоб Дук, «Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі бюро» ҚБ Қарағанды филиалының директоры Ю. Гусаков және балалар психологы-логопед, «Кайсар» ҚҚ төрайымы О.Тарабукина баяндамалар жасады.